00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Іздеу

Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды

01.04.2023 | 00:46
Елорда ақпарат
125

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген.

Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, Qnet қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырды. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

Qnet халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылды.

Бірқатар шет елдерде Qnet компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды, сондай-ақ оны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн теңгені құрады.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар