00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Соттан тыс банкроттық рәсімі тегін жүргізіледі

01.04.2023 | 00:07
Елорда ақпарат
31

3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталды. Яғни, азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң күшіне енді, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 9 наурызында сағат 9:00-дегі жағдай бойынша соттан тыс банкроттыққа 11 177 өтініш түскен (eGov арқылы - 10 462, e-Salyq Azamat арқылы - 715).

Заң борышкердің төлем қабілеттілігін әртүрлі құралдар арқылы қалпына келтіруге мүмкіндігін қарастырады: соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы.

Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) келмей-ақ, электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Алайда, кейбір ХҚКО-ның маңында банкроттыққа құжаттарды рәсімдеу үшін ақылы, делдалдық қызмет көрсетуді ұсынатындар жиілеп кетті. Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттық рәсімі (қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын) тегін жүргізілетінін хабарлайды, - делінген ведомство ақпаратында.

Банкроттық рәсімін қолдану тәртібі туралы ақысыз толық ақпарат алу үшін ХҚКО-ның операторларына немесе мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне бару қажет.

Сонымен қатар, 1414 нөміріне телефон шалып, немесе Telegram чат-ботына жазу арқылы сұрақтарыңызды қоюға болады.

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында бар. 

Барлық жаңалықтар