00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанадан Алакөлге «Тальго» пойызы жүреді

01.04.2023 | 00:06
Елорда ақпарат
31

Биыл Алакөл бағытында Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут бойынша пойыздың жүруі жалғасады. Алғаш рет «Астана-Достық» бағытында «Тальго» пойызы іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов жазғы маусымда жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесте мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған жиынға «Атамекен» ҰКП, туристік фирмалар мен салалық қауымдастықтардың, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері қатысты.

Өткен жылы Алакөл жағалауына теміржол көлігімен 243 мың жолаушы жеткізілгені атап өтілді. Еліміздің оңтүстік өңірінен 118 мың адам қатынаған. Солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы тасымалданса, ШҚО-дан – 52 мың. 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі қолданыста болады.

Жәнібек Тайжанов «Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, әуе компанияларымен және автотасымалдаушылармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөл бағытында интермодальды тасымалдауды (көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау) қалыптастыру мәселесін қарастыратынын атап өтті.

Барлық жаңалықтар