00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде қанша әйел тұрады

01.04.2023 | 00:03
Елорда ақпарат
12

Оның ішінде 6,3 млн әйел қалаларда, ал 3,7 млн-ы ауылдық жерлерде тұрады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Республикада әйелдердің саны бойынша Алматы қаласы (1157 823), Түркістан (1 040 069) және Алматы облыстары (753 562) көш басында.

Алдын ала деректерге сәйкес, еліміздегі қыз-келіншектердің орташа жасы – 33,7 жас. Ұлттық статистика бюросының жазуынша, бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,6 жылға ұлғайған.

Әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 78,3 жас.

Еңбек нарығында 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған. Олардың басым көпшілігі білім беру саласында жұмыс істейді (851 мың), тағы 828 мыңы көтерме немесе бөлшек саудамен айналысады. 451 мың әйел ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында болса, 401 мыңы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында, тағы 328 мыңы өнеркәсіп секторында еңбек етеді. 74 мың әйел өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейді. 849 мың әйел жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы. Бұл тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы санының 53,5%-ын құрайды, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар