00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде экономика саласының үздік мамандарын марапаттайтын жаңа награда бекітіледі

01.04.2023 | 00:02
Елорда ақпарат
42

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.

Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қызметін мінсіз жүзеге асыратын және ҚР ұлттық экономикасын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан, экономика саласындағы жаңа бағдарламалар мен жобаларды әзірлегені және іске асырғаны, экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру әдістерін жетілдіргені үшін, аса маңызды және күрделі міндеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін кәсібилігі жоғары жұмыскерлер, шетел азаматтары және өзге де адамдар марапатталады, - делінген құжатта.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама экономика саласында қызмет ететін білікті мамандарды ынталандыруға, көтермелеуге бағытталғаны жазылған.

Құжат 24 наурызға дейін ашық талқылауда болады.

Барлық жаңалықтар