00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Снайпер» Эльмира»: Құралайды көзге атқан ару Ұлттық ұланда қызмет істейді

31.03.2023 | 23:57
Елорда ақпарат
37

Ұлттық ұлан сапында ер-азаматтармен бірге сап түзеп, үздік атанып жүрген әскери қызметші-әйелдер жетерлік. Солардың бірі – 6636 әскери бөлімінің Тыл аға маманы (жауапты орындаушы) лауазымында әскери борышын адал атқарып жүрген ефрейтор – Эльмира Жұмағалиева.

Ол Ұлттық ұлан қатарында 2011 жылдан бері қызмет етеді. Сол жылдан 2014 жылға дейін әскери маман ретінде қызмет атқарады, тек 2014 жылдың 22 мамырында Әскери ант қабылдап, әскери форма киіп, бала күнгі арманына қол жеткізеді. Әскери форма киген қыз-келіншектерге тамсана қараған Эльмира Жақсатқызы мақсатына жетіп, асқақ арманы орындалады. Элмираның атқаратын қызметі – пәтер-пайдалану қызметінде тұрғын үйге қатысты тұрғын үй төлемінің құжаттарын қабылдаумен айналысады. Өте жауапты қызмет болғандықтан, ұқыптылықты талап етеді. Жауапкершілікті талап ететін жұмысты кейіпкеріміз абыроймен адал атқарып жүр. Ол өз ісінің майталманы ғана емес, сонымен қатар далалық ату-жаттығу кезінде әрқашан жоғары баға алатын әскери қызметші. Құралайды көзге атқан мерген, үнемі ондыққа дәл тигізіп отыратын снайпер. Қаруластары «снайпер Эльмира» деп те әзілдейді екен. Сонымен қатар спортты да жаны сүйеді. Қашықтыққа жүгіру нормативтерінен сынақ тапсыру кезінде тіпті ер-азаматтардан да көш ілгері озып, алдыңғы қатардан табылады. Сондықтан Элмираны Ұлттық ұланның нағыз үздік әскери қызметшісі деп айтуымызға толық негіз бар.

Эльмира Жақсатқызы 1987 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Қазақтың салты мен дәстүрі бұзылмаған қазақы кең-байтақ жердің қызы әрқашан ата-анасының ақылы мен өнегесін құлағына құйып өскен. Әкесі – Жақсат Баянасұлы 1962 жылы дүниеге келген болса, анасы Мирамкүл Жұмажанқызы 1962 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген. Қазіргі таңда Перзентханада еңбек етіп жүрген жан. Эльмираның үлкен бауыры мен артынан ерген сіңлісі бар, олар әрқашан бір-бірімен тату, біріне-бірі қамқор.

Қызылорда қаласындағы 2009 жылы Қорқыт ата университетін мал дәрігері мамандығы бойынша аяқтаған және университеттің заңгер мамандығын 2011 жылы сырттай бөлімінде оқып-шыққан.

Арман қуып, Астана қаласына келіп, Ұлттық ұлан қатарына қосылып, осы құқықтық тәртіп әскерінің көмегімен арман қаладан баспаналы да болған.

Ұлттық ұланда қызмет атқарып келе жатқаныма 12 жылдан астам уақыт өтіпті. Кеше ғана арман қуып, жас қалаға келген едім, бүгінгі таңда баспаналы болып, өзімнің шаңырағымда ата-анамды, бауырларымды қуана қарсы алатын күнге жеттім. Ол өзімнің еңбегім мен өзіме талап қоя білуімнің арқасында деп санаймын. Ұлттық ұланның қатарында қызмет атқарып жүргенімді әрқашан мақтан тұтамын және мені қолдап жүретін 6636 әскери бөлімінің басшылығына және қарулас достарыма алғыс білдіремін. Сонымен қатар алғаш әскери қызметке келген кезде мені әрдайым қолдап жүрген сол кездегі әскери бөлім командирі болған полковник М. Әріновке алғысымды айтамын. Ол кісі қазір зейнеткерлік демалыста, – деп сөзін аяқтады Эльмира Жақсатқызы.

Мереке қарсаңында Ұлттық ұланның барша нәзік жанды аруларын мерекелерімен құттықтап, отбастарына бақ-береке, амандық тілейміз, қызмет барысында әрқашан жетістіктерге жете берулерін тілейміз!

Лейтенант

Құралай ҚОҢЫРАТБАЕВА

Барлық жаңалықтар