00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Премьер-министр халықтан кешірім сұрады

31.03.2023 | 23:57
Елорда ақпарат
29

Грекия Премьер-министрі пойыз апатынан қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлады Elorda.info.

Таяуда Грекияда екі пойыз бір жолға түсіп кетіп, апат болған еді. 1 наурызға қараған түні жолаушылар мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан 57 адам қаза тапты. Елде осы оқиғаға байланысты наразылықтар басталды. 

Грекияның Премьер-министрі Кириакос Мицотакис апаттан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады. 

Қарама-қарсы бағыттағы екі пойыз бір жолда болмауы керек еді. Бұл қателікті ешкім байқамаған, - деп жазды Премьер-министр Фейсбуктегі парақшасында.

Жексенбі күні мыңдаған наразылық білдіруші Афина көшелеріне шықты. Наразылық білдірушілер апат құрбандарын еске алу үшін аспанға шарлар ұшырды.

Барлық жаңалықтар