00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Грузия азаматымен некеге тұрған»: Астанада ер адам әйелін сотқа берді

31.03.2023 | 23:54
Елорда ақпарат
33

Астанада ер адам әйелінің жасырын некеге тұрғанын айтып, сотқа шағымданған, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты Дубайда некеге тұрған. Неке елшілікте, содан кейін Қазақстан аумағындағы АХАТ органында тіркелген. Олар бірге тұрған кезеңде ортақ балалары дүниеге келген.

Одан кейін отбасы Грузияға қоныс аударып, онда олар сол елде тұруға рұқсат алған. Алайда, құжаттарды алған кезде ер адам жұбайы 7 жыл бұрын Тбилиси қаласында Грузия азаматымен некеге тұрғанын білген.

Ер адам осы жағдайға байланысты зайыбының некеде тұрғаны туралы ештеңе білмейтінін айтып, сотқа жүгінген. Сот 2018 жылы Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығында жұбайлар арасында тіркелген некені жарамсыз деп таныды.

Әйел Астана қаласы сотына апелляциялық шағыммен жүгінген. Алайда апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Барлық жаңалықтар