00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы 22%-ға өсті

31.03.2023 | 23:47
Елорда ақпарат
32

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін республикалық мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын 100%-ға көтеру туралы тапсырмасы аясында биыл 1 қаңтардан сала мамандарының айлығы орта есеппен тағы 22%-ға артты. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Осылайша соңғы екі жылда 64 мыңға жуық мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 45%-ға көтерілді.

2023 жылдың қаңтарынан барлық санаттағы қызметкерлердің айлығы өскенін атап өту керек. Бұл басшылар мен жетекшілер, негізгі персоналмен қатар, еден жуушы, күзетші, вахтер секілді жұмыскерлердің де еңбекақысы көтерілді, – деді вице-министр.

Мәдениет және спорт министрлігі сала мамандарының айлығын одан әрі ұлғайтуға бастамашы болады. Мәселен, шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлердің еңбекақсын көтеру жоспарда бар. Ол үшін заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.

Сондай-ақ «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осы санатқа жататын 5 ұйым бар. Министрлік алдағы уақытта аталған нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Барлық жаңалықтар