00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Сүндет тойынан видеолар күтеміз»: Жас отбасы мысығының тұсауын кесті (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:37
ҒаниАтымтай
35

Қазақстандық жас отбасы үйіндегі бір жасқа толған «Серік» есімді мысығының туған күнін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.

KYN.KZ сайтының жазуынша, әлеуметтік желіде мысықтың туған күн кешінен түсірілген бейнежазба тараған.

Тойлаған тек өздері ғана емес, туған күн иесін құттықтау үшін сырттан қонақтар да келген көрінеді. Дастархан басына жиналған адам қарасы көп. Тіпті «Серікке» арнайы торт та пісіріп, «1 жас» деген жазу да жазыпты.

Оқи отырыңыз: «Ет тартқыштан өткізіп, сүйегін қайнатқан»: Танымал модельді күйеуі айуандықпен өлтірген

Анасы Қайрат Нұртастың туған күніне «қара нәсілді» қыздар сыйлады (ВИДЕО)

Бейнежазбадан оның үй иелері, яғни ерлі-зайыптылармен бірге шам үрлеп, тілек те тілегенін көруге болады. Тіпті 1 жасқа толуына орай тұсаукесер де өткізген.

Мұны көрген жұрт не күлерін, не жыларын білмей дал. Олар екіжақты пікір білдіріп, бірі даттап отырса, енді бірі қоштап отыр.

«Серіктің сүндет тойынан видеолар күтеміз», «Не деген масқара, мысықтың да туған күнін тойлай ма екен», «Одан да жетім балаларды асырап алса болады ғой, ақыры балалары жоқ болса», «Несі бар, мысық та отбасының бір мүшесі, мен де тойлар едім мысығым болса», «Ой, Алла, естімеген елде көп, осындай да күнге жетіппіз ғой, орыстардың кемпірлеріне ұқсап», «Керемет, құтты болсын», «Ақшаларың асып-тасып жатса, жетім-жесірлерге көмектесіңдер», — дейді желідегі жұрт.

Барлық жаңалықтар