00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақ радиосы тікелей эфирде «Мың алғыс» радиомарафонын өткізеді

31.03.2023 | 23:35
Елорда ақпарат
48

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қазақ радиосы тікелей эфирінде 10 сағат бойы радиомарафон өтеді. Қоғамды ізігілік пен Алғыс айту күнінің мән-маңызын ашатын радиомарафон биыл 5-рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлады Elorda.info Қазақ радиосына сілтеме жасап.

Мысалы, «Мың алғыс» қайырымдылық іс-шарасы аясында 2018 жылы зағип сәби Арман Ардақұлына 2 940 000 теңге көлемінде көмек көрсетілсе, 2019 жылы көмекке мұқтаж бірнеше адамға 19 836 000 теңгеге көмек көрсетілген. Оның ішінде Әділет Арыстан есімді баланың еміне және 4 отбасыға баспана кілті табысталған. 2020 жылы Самат Ақбергеновтің еміне Дәулет Төлеутайұлының қолдауымен 19 388 450 теңге көмек көрсетілді.       

2021 жылы 1 наурызда радиомарафон аясында Зарина Ниязбектің еміне 6 912 064 теңге, Ләйлә Бахтыбаеваға 6 348 865 теңге, радиожурналист Бағдат Мұхтарұлына 4 855 859 теңге, Балнұр мен Нұрислам есімді кішкентай бүлдіршіндердің еміне 5 008 553 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.

Жалпы 4 жылдың ішінде «Мың алғыс» радио хабары мен аталған хабардың қорытынды есеп беру кеші ретінде өтетін дәстүрлі марафон аясында 255 103 826 теңге көлемінде көмек көрсетілген.

1 наурыз күні 9.00 ден 19.00 өтетін «Мың алғыс» радиофарафонына жақсылық жасап алғысқа бөленген кейіпкерлер мен ерекше кәсіп иелері, құтақрушылар, спорт саңлақтары мен өнерпаздар және тұрақты радио тыңдаушылар қатысады.

Барлық жаңалықтар