00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде балаларға қарсы қылмыс көбейген

31.03.2023 | 23:16
Елорда ақпарат
34

Биылғы қаңтар айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының есебіне сай, бұл – бұрынғымен салыстырғанда 32%-ға артық.

Ranking.kz сайтының жазуынша, өңірлік тұрғыда мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрынғы 18 қылмысқа қарсы 25 іс.

Екінші және үшінші қатарында Алматы (2022 жылы 8-ге қарсы 23 іс) және Түркістан облысы (бір жыл бұрынғы 20-ға қарсы 19 іс) тұр. Атырау мен Жамбыл облыстары да қалыспайды: әрқайсысы 17 жағдайдан.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау және Абай облыстарында тіркелген: сәйкесінше 3 және 4 жағдай.

Көбіне адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған: 137 іс. Бұл 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,1% көп. Сонымен қатар секторда меншікке қарсы 33, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 17, көлікте 17 және отбасына қарсы 12 құқық бұзушылық жасалған. 

Бап контекстінде статистика қорқынышты болып көрінеді. Мысалы, «Он алты жасқа толмаған баламен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрынғы 25 жағдайға қарсы бірден 45 жағдай тіркелді. «Өзіне қол жұмсауға итермелеу» бойынша бір жыл бұрынғы 22 оқиғаға қарсы 24 іс, «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша 20 іс тіркелді.

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабар алмасу тәртібіне қатысты 3-факультативтік хаттамаға қол қойды. Енді қазақстандықтар балалар құқығының бұзылғаны туралы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіре алады, – делінген жазбада.

Барлық жаңалықтар