00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Бөртеден» кейін ештеңе жазғым келмей қалды – жазушы-драматург

31.03.2023 | 23:10
ҒаниАтымтай
40

Дулат Исабеков Elorda.info тілшісіне берген сұхбатында «Бөрте» пьесасынан кейін ештеңе жазғысы келмей қалғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз:

«Сонда біз кімбіз?!»: Дулат Исабеков Нұрсұлтан Назарбаев өзіне қатты ұрсып тастағанын айтты
 

«Бөрте»-мен тоқтаған сияқтымын. Бүкіл күшімді сарқып алып кеткен сияқты. Бұдан кейін ештеңе жазғым келмей қалды. «Бөртенің» деңгейіне жету қиын сияқты. Сосын менің 81 жаста екенімді ұмытпаңдар. Тақырыптар көп. Бір романым аяқталмаған күйі жатыр. Өткенде оқып шықсам, жақсы роман болатын түрі бар. Әттең, күш-жігерім болса деймін. Бізде, қазақта романистика әлі күнге дейін ескі дәстүрде жазылып келе жатыр. Әрбір автор әрбір шығармасында өзін қайталамауы керек! Және қазіргі роман қандай болуы керек?.. Баяғыша баяндау ма?.. Оңай сюжеттер ме?.. Жоқ. Қазір заман басқа, форма да, кейіпкерлер де басқа, қазіргі адамның ойлау қабілеті де, мінезі де, диалогы да басқа. Біздің заманның адамдарымен салыстыра алмайсың... – деді қаламгер.

Барлық жаңалықтар