00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Былтыр елімізден 24 239 адам кетіп қалған

31.03.2023 | 22:52
ҒаниАтымтай
43

Былтырғы қантар-желтоқсан айларында елімізден 24 239 адам кеткен, ал келгендер саны 17 293 адам болды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, көші-қон сальдосы – -6 946 адам. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5%-ға өсіп, кеткендер саны 24,7%-ға азайды.

Елдегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% болды.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 6,1%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларында және Алматы обласында (898 адам) халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

Барлық жаңалықтар