00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандық IT-стартапшы Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті

31.03.2023 | 22:47
Елорда ақпарат
60

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин facebook-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық ІТ-стартапшы, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус (Мирболат) Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті.

Бауыры Алматтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол достары/әріптестерімен бірге Түркияның Хатай қаласында контент түсіріп жүрген.

Бүгін бауырлары, достары, Astana Hub-тың басшылығы мен волонтерлар Мирусты іздестіру үшін Түркияға ұшады.

Қандай да бір ақпарат болса немесе іздеу жұмыстарына қосыламын десеңіздер, Мирустың бауыры Алматқа телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: +7 702 430 20 21, - деді ол.

Барлық жаңалықтар