00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ер адам 11 жасар қызын дұға жасауға мәжбүрлеп, ұрып-соққан

31.03.2023 | 22:38
Елорда ақпарат
60

Атырауда 11 жасар қызды өз әкесі ұрып-соғып, дұға жасап жүруге мәжбүрлеген, деп хабарлады Elorda.info ATPress-ке сілтеме жасап.

Қаладағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкері әлеуметтік желідегі жазбасында айтқанындай, қыз оларға 20 қаңтарда түскен. Ол небәрі 11 жаста, үйден қашып кеткен. Өз әкесі оны бірнеше жыл қорлап, ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген.

Оқиға бәрімізді үрейлендірді. Қыздың әңгімелеріне қарағанда, оның әкесі «уахабис». Бірнеше жылдан бері ұрып-соғып, мазақ етіп, намаз оқуға мәжбүрлеген. Талай рет ол сөзіме құлақ аспасаң, өлтіремін деп қорқытқан, – деп жазады автор.

Жәбірленушінің анасы түрмеде жазасын өтеп, баласын әкесіне қалдырып, отбасын тастап кеткен.

Өткен қарашада кезекті ұрып-соғудан кейін қыз анасының әжесінен оны балалар ауруханасына апаруын өтінген. Онда дәрігер оның көптеген жарақаты, көгерген жерлері және қабырғасының сынғанын анықтады. Әкесінің қорлығынан қорыққан қыз дәрігерге бар шындықты айтпаған, – делінген хабарламада.

Жасөспірім сыныптасының әкесіне шағымданды. Ер адам оны полицияға апарып, қорқыту мен ұрып-соғу туралы айтып берді. Осыдан кейін полицейлер оны кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырды. Автордың жазғанындай, қыздың екінші әжесі қалаға танымал заңгер, ол ұлына қарсы куәлік бермеу үшін оған қысым көрсетпек болған-мыс.

Қазір қыз орталықта. Онымен орталықтың психологтары мен мұғалімдері үздіксіз жұмыс істейді. Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Азаптау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Барлық жаңалықтар