00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жергілікті билікке жолданған арыздар саны 16 пайызға артқан – Үкімет басшысы

31.03.2023 | 22:29
Елорда ақпарат
29

Бүгін Үкімет отырысында тыңдалған 2022 жылғы мемлекеттік органдар мен әкімдердің халықпен кездесулері туралы баяндамаларды қорытындылаған Премьер-министр Әлихан Смайылов жергілікті жерлерде мәселелерді шешудің тиімділігін арттыру керек екенін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info

Үкімет басшысы әкімдердің есебі бойынша барлық мәселе 99 пайыз деңгейде шешіліп жатқандай көрінетінін, алайда іс жүзінде олай емес екеніне тоқталды.

Е-Өтініш ақпараттық жүйесіне келіп түсетін азаматтардың арыздарына қарайтын болсақ, басқаша жағдай қалыптасып отыр. 2022 жылы осы жүйе арқылы 1 млн 700 мыңнан астам адам өтініштерін берген. Оның 82 пайызы жергілікті атқарушы органдарға тиесілі. Яғни, өткен жылдың екінші жартысында азаматтардың жергілікті билікке жолданған арыздарының саны 16 пайызға артқан. Бұдан көтерілген мәселелердің бір бөлігі жергілікті жерде шешімін таппағанын көреміз. Сондықтан азаматтар өздерінің мәселелерін Е-Өтініш порталы арқылы шешуге мәжбүр болған, - деді Ә.Смайылов.

Барлық жаңалықтар