00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордалық дәрігерлер үстіне диван құлап кеткен ер адамға ота жасайды

31.03.2023 | 22:26
Елорда ақпарат
37

Астаналық дәрігерлер үстіне диван құлап, сал болып қалған ер адамға ота жасау үшін Ақтауға арнайы барады, деп хабарлады Elorda.info 

Нұрлан Тәжібаев үйіне түске асқа келе жатқанда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен. Соққыдан жерге құлаған ер адам есінен танып қалған. Сонымен қатар мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған.

Оқи отырыңыз: Ақтауда ер адамның үстіне 6-қабаттан диван құлады (ВИДЕО)

Ескі диван көпқабатты үйдегі ортақ балконда тұрғаны белгілі. Қазір полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда ескі жиһазды биіктен лақтырған адам әлі табылмаған. Жақын маңда бейнебақылау камерасы да жоқ екен. Ал куәгерлердің айтуынша, бұл қабаттан жасөспірімдердің жүргенін көрген. Егер кінәлі анықталса, қатаң жазаға тартылады.

Барлық жаңалықтар