00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстанда «суперЦОНдар» ашылады – министр

31.03.2023 | 22:23
Елорда ақпарат
35

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда «суперЦОНдар» ашылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсетуінің клиенттік тәжірибесі негізінде біз тұрғындардың ХҚО-дан қызмет алған соң БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдік сияқты басқа да инстанциялардың табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтардың барлық мәселесі бір жерде шешілуі үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді, – деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Қазіргі уақытта министрлік Астана әкімдігімен және Президент Әкімшілігі басшылығымен азаматтарға жайлы әрі сапалы қызмет көрсету үшін біртұтас кеңістік, яғни суперХҚО ашуға уағдаластық жүргізген.

Барлық жаңалықтар