00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға артты

31.03.2023 | 22:18
Елорда ақпарат
41

Жыл басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30%-ға көтерілді. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады.

Қыс мезгілі басталғалы жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Қаңтар айында республикалық маңыздағы автожолдар көктайғаққа қарсы 17 мың м3 құм-тұз қоспасымен өңделді.

Барлық жаңалықтар