00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Көкөніс бағасы бір жылда 20%-ға қымбаттады

31.03.2023 | 22:16
Айман Нығмет
36

Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысына сәйкес жаңа піскен көкөніс бағасы бір жылда 19,2%-ға қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ең жоғары баға өсімі Алматы облысында тіркелді. Антилидерлер үштігінде Түркістан және Ұлытау облыстары бар. Баға бір жылда ең аз қымбаттаған өңір – Батыс Қазақстан облысы .Республикада 20 өңірдің ішінде жаңа піскен көкөніс бағасы  Павлодар облысында ғана төмендеді.

Қияр, пияз, қызанақ, картоп, қызылшаның бағасы күрт өсті. Сәбіз бен ақ қырыққабат бағасы арзандады.

2022 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша бұрыш, қияр мен корнишон, сарымсақ, бақша дақылдарын, қырыққабат  және қызанақтың  импорты өскені байқалды.

Бұл ретте картоп, пияз, асханалық сәбіз, баклажан және асханалық қызылша импорты төмендеген.

Көкөніс экспортына келер болсақ, елімізден сыртқы нарықтарға бұрыш, асханалық қызылша , бақша дақылдары, сәбіз , пияз және сарымсақтың  жеткізілімі артты.

Қырыққабат, қияр және корнишон, қызанақ, баклажан экспорты қысқарды.

 

Барлық жаңалықтар