00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Былтыр елімізде 20 мыңнан аса интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген

31.03.2023 | 22:13
Айман Нығмет
21

 

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингісінде Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Оразалиев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Киберқылмыстардың басты ерекшелігі мен бар қиындығы – оның халықаралық байланыс желісі арқылы қашықтық талғамай, мемлекетаралық шекараларды «аттап» кететіндігінде болып тұр. Оның үстіне компьютерлік қылмыскерлер іс-әрекетке барарда аты-жөні мен жұмыс орнын, компаниясын бірнеше рет өзгертіп, мың түрлендіретін арнайы бағдарламалық жасақтамаларды қолданады. 2022 жылы жалпы ел бойынша 20 444 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Жалпы бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға төмен. Интернет қылмыстың үштен бірі онлайн-сауда кезінде жасалынады. Әдетте, алаяқтар әлеуметтік желіде, белгілі бір сайттарда алдын ала жарнамаларын орналастырады. Мұндай жарнамалардан азаматтарымызға өте сақ болу керек, - деді Арман Оразалиев.

Оның дерегінше, интернет-алаяқтық қылмыстары мына өңірлерде көп тіркелген:

- Астана - 4397 факті;

- Алматы - 2284 факті;

- Қарағанды облысы - 1786 факті;

- Шығыс Қазақстан облысы - 1309 факті.

Барлық жаңалықтар