00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада ер адам әйелін лифтіде соққыға жыққан

31.03.2023 | 22:09
Елорда ақпарат
42

Астана тұрғыны лифтіде жұбайын соққыға жыққан, деп хабарлады Elorda.info. 

Polisia.kz сайтының жазуынша, «102» номеріне елорданың 36 жастағы тұрғынынан хабарлама түсті. Әйел өзін күйеуі ұрып-соғып жатқанын айтқан.

42 жастағы ер адамның лифтіге кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып, ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес екен.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Барлық жаңалықтар