00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Есеп шығаратын Ислам»: 4 жасар бала ерекше қабілетімен жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 22:06
ҒаниАтымтай
67

Желіде төрт жасар баланың есепті мүдірмей шығарып, көпті сүйсіндірген видеосы тараған еді. ҚазАқпарат тілшілері осы орайда балақайдың кім екенін анықтап көріпті, деп хабарлады Elorda.info.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, кішкентайынан өзінің есепке жүйріктігімен көзге түскен 4 жасар балақай Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Егізқұм елді мекенінің Ислам Купбай атты тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, кішкентай «математиктің» есеп шығарған сәтін оның достары видеоға түсіріп, желіге салған екен. Осылайша, балақай көпті алғырлығымен таңғалдырып, әп-сәтте желінің жұлдызына айналған. Ислам – отбасындағы төртінші перзент әрі үйдің кенжесі. Әкесі Канатбек Сайтмамбетовтың сөзінше, оның бойындағы зеректік атасынан дарыған болуы мүмкін. Айтуынша, Исламның атасы есепті «шемішкеше шағатын» мықты математик болған.

Сондай-ақ Исламның аға-әпкелері де сабақта озат оқушылар екені белгілі болды. Қазіргі таңда Ислам балабақшаға барып жүрген көрінеді. Бүгінде есепке жүйрік 4 жасар бүлдіршінді ауылдастары «есеп шығаратын бала» деп атап кеткен. Кішкентай Ислам сонымен бірге болашақта үлкен математик болғысы келетінін айтқан.

Барлық жаңалықтар