00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Көзіме шөп салдың!»: Ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан

31.03.2023 | 22:04
Елорда ақпарат
37

«Не молчи» қорына күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдің туыстары хабарласып, көмек сұраған, деп жазады Elorda.info.

Бұл туралы қор жетекшісі Дина Таңсәрі Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Шу қаласында әпкемізді күйеуі өлімші етіп сабауына байланысты сіздерден көмек сұраймыз. Күйеуі нашақор болған, ол әйелін қорқытып, үркітіп, қоқан-лоқы көрсетіп, балаларының көзінше аяусыз ұратын. Күйеуі параноик, әйелі көзіне шөп салмаса да «опасыздық жасадың» деп мойындатуды талап еткен. Жәбірленушінің істемегенін істеді деп, «шөп салғанын мойындағаны» туралы аудиоларды таныстары мен туыстарына жіберуді талап еткен, - дейді жәбірленуші әйелдің туыстары.  

Сондай-ақ олар соңғы рет күйеуі әйелін екі күн қатар ұрып, оның есінен танып қалғанын айтқан. 

Не болғаны өзінің есінде жоқ. Балалары қорқып, далаға жүгіріп шығып, жұрттан көмек сұраған кезде ғана аман қалған. Қоқан-лоқыдан көз ашпай қорқып қалғандықтан, жәбірленуші әпкеміз сонша соққы ала тұра арыз жазудан бас тартқан, әлі күнге дейін жазбады. Шу қаласының прокуратурасы осы жайтқа назар аударып, қандай да бір шара қабылдауы үшін қоғам тарапынан қолдау керек деп ойлаймыз, - дейді жәбірленуші әйелдің туыстары. 

Қор жетекшісі Дина Таңсәрі Ішкі істер министріне үндеу жасап, Қылмыстық кодекстің 110-бабы («Қинау») бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етті.  

Барлық жаңалықтар