00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Адам өлтірдім»: Астана тұрғыны полицияға жалған хабарлама берген

31.03.2023 | 21:53
Елорда ақпарат
28

Елордалық тұрғын адам өлтірдім деп полицияға жалған хабарлама берген, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz сайтының жазуынша, сағат 20:02-де «102» нөміріне ер адам хабарласып, Талғар көшесіндегі дүкенде жігітке пышақ жарақатын салғаны туралы айтқан. Ол полицейлерден жедел келуді сұрап, жараланған адамның ес-түзсіз жатқанын, қаза болғанын айтқан. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен, бірақ мәйіт туралы хабарлама расталмаған.

Дүкен сатушысы мұнда ештеңе болмағанын айтқан. Дүкеннен шыққаннан кейін патрульді полиция қызметкерлері өтініш берушінің нөмірін теріп, жақын маңайдан қоңырауға жауап берген ер адамды байқайды. Тексеру барысында бұл «әзілдеген» мас ер адам екені анықталды. Полиция қызметкерлері қаланың 31 жастағы тұрғыны бұрын осыған ұқсас бұзушылық үшін жауапқа тартылғанын анықтады.

Бір жылдан аз уақыт бұрын учаскелік инспекторлар оны полиция бөліміне жеткізген. Ол кезде ер адам «102» нөміріне қоңырау шалып, ғимаратқа бомба қойылғанын хабарлаған.

Ер адам қайталап бұзушылық жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 АЕК (207 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар құқық бұзушымен профилактика әңгіме жүргізілді.

Барлық жаңалықтар