00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде қанша заңды тұлға тіркелген

31.03.2023 | 21:52
Елорда ақпарат
34

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 507 238 заңды тұлға тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны орта есеппен 5%-ға өсті (481 732). Оның ішінде 399 мың субъекті жұмыс істеп тұр, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен жүрген, олардың саны – 497 955, орта мекемелер саны – 6 685, ірілері – 2 558.

Былтырғы жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының басым бөлігі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» саласында, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша олардың үлесі 28%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,5%), үшінші орында – «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 51,4%-ын құрады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша заңды тұлғалардың көпшілігі Алматы (140 424 немесе 27,7%), Астана (94 407 немесе 18,6%) қалаларында және Қарағанды облысында (28 441 немесе 5,6%) тіркелген. Заңды тұлғалар саны ең аз аймақтар – Ұлытау (2 907 және 0,6%), Абай (8 029 және 1,6%) және Жетісу (7 981 және 1,6%) облыстары.

2022 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны елеулі өсті. Егер бұдан бұрын мұндай субъектілердің саны орта есеппен 6,7% өсіп отырса, 2022 жылдың 12 айындағы өсім 13,8%-ды құрады. Шетелдік меншік нысанындағы заңды тұлғалардың үздік бес еліне Ресей, Түркия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан кіреді.

Барлық жаңалықтар