00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ұлттық ұлан кәсіби мерекесін атап өтті

31.03.2023 | 21:49
Елорда ақпарат
35

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында құқықтық тәртіп әскерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, онда ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен өзара іс-қимыл жасайтын органдар өкілдері марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұландықтар қоғам мен мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін сенімді түрде қамтамасыз етеді, адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және басқа да заңсыз қол сұғушылықтардан қорғайды.

Жыл сайын қызмет атқару кезінде ұландық әскери қызметшілер батылдық, қырағылық танытады, әртүрлі жағдайларда азаматтарға көмектесетін жанқиярлық әрекеттерге барады, олар су, өрт алапаты кезінде құтқару сияқты қырағылық үлгілерімен қатар жоғалған балаларды тауып, туыстарына қайтарады. Құқықтық тәртіп әскерлері құрылған жылдары әскери борышын орындау кезінде 250-ден астам әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды, оның 27-сі қайтыс болғаннан кейін наградталған. Өткен жылы ғана заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі мен адалдығы үшін Ұлттық ұланның 21 әскери қызметшісі мемлекеттік наградалармен марапатталды, оның үшеуі қайтыс болғаннан кейін. Кәсіби мереке күні Сіздерге, барлық жеке құрамға және әскер ардагерлеріне, туыстарыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі мен гүлденуіне жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін! – деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов.

Айтулы оқиғаға орай, Ішкі істер министрі мен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының бұйрығымен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін, әскер ардагерлерін және қоғамдық тәртіп пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен мінсіз істері үшін түрлі марапаттауларға ие болған әскери қызметшілерді марапаттады.

Барлық жаңалықтар