00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қостанайлық тұрғын McDonald's-ты «жерлеп» тастаған

31.03.2023 | 21:49
Елорда ақпарат
35

Қостанайда McDonald's мейрамханасына аза тұту гүлін әкелген жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік іс бойынша сот өндірісі тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қаңтарда А. есімді Қостанай тұрғыны қаладағы McDonald's мейрамханасының жанына аза тұтуға арналған гүл шоғын қойған. Бұл факті бойынша полиция қызметкерлері ер адамға қатысты қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырған.

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен А.-ның әрекетінде ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылды, – деп атап өтті сот.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, 5 қаңтарда McDonald’s Қазақстандағы мейрамханалары жұмысын біржолата тоқтатынын ресми түрде мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар