00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Бірлігімізге балта шапқысы келетін реваншистік күштер аз емес – Ерлан Қошанов

31.03.2023 | 21:41
Елорда ақпарат
32

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қаңтар оқиғасы туралы ақпаратты қасақана бұрмалауға мүдделі топтардың ел ішінде де, сыртында да бар екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ ол депутаттарға қаңтар оқиғасының билікті басып алудың мұқият жоспарланған әрекеті екенін анық дәлелдейтін фактілер ұсынылғанын атап өтті.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, оны ұйымдастырушылар адамдарды және бейбіт митингілерді пайдаланып кеткен.

Бұл, ашығын айтқанда, Тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын! Бірақ Президентіміздің ерік-жігерінің, халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында, қатардағы полицейлердің, дәрігерлердің, еріктілердің ерлігі арқылы біз мемлекеттігімізді қорғап, бейберекетсіздікке жол бермедік, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасының пікірінше, бірлігімізге балта шапқысы келетін, елдігімізге сына қаққысы келетін реваншистік күштер аз емес.

Осыны ұмытпайық. Халықтың әділетті Қазақстанға деген үміті оянып, сенімі артып келеді. Баршамыздың алдымызда бұрынғыдан да маңызды, зор міндеттер тұр. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолға алған реформаларды іске асыру жолында тас-түйін ұйысуға тиіспіз, - деді Е. Қошанов.

Барлық жаңалықтар