00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Биыл елімізде қанша бала дүниеге келді

31.03.2023 | 21:32
Елорда ақпарат
31

2022 жылдың қаңтар-қазан аралығында елімізде 333 111 бала дүниеге келген,  деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросының сайтына сілтеме жасап.

Бюроның мәліметінше, ең көп туу көрсеткіші қыркүйек пен тамыз айларында тіркелген. Қыркүйекте 35 931, тамызда 35 922 бала дүниеге келген.

Елімізде алғашқы баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы - 20-21 жас. Ал екінші баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы 40-қа дейін ұлғайған.

Өңірлер арасында жалпы туу коэфиценті Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облыстарында жоғары. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы, Павлодар облыстарында көрсеткіш төмен, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар