00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Елімізде бір аптада 12 адам қар құрсауынан құтқарылды

31.03.2023 | 21:26
Елорда ақпарат
98

Биыл қыс басталғалы қар құрсауында қалған 75 адам эвакуацияланды, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ Апаттар медицинасы орталығына сілтеме жасап.

Қыс басталысымен Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункттерінің республика жолдарындағы жол-көлік оқиғаларына шығуы, сондай-ақ автокөліктің сынуына байланысты жолаушыларды эвакуациялауы жиілеп кеткен.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ хабарлауынша, тек өткен аптада трассалық медициналық-құтқару пункттерінің бригадалары 12 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 9-ы – Өзбекстан, 1-уі – Тәжікстан, 2-уі – Қазақстан азаматтары.

Мәселен, 21 қарашада Қарағанды облысының «Ақсу-Аюлы» ТМҚК қызметкерлері «Қайрат» дәмханасына бұзылған автокөліктен 2 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ 24 қарашада сағат 3.12-де «Шығанақ» трассалық пунктіне Меркі-Бурылбайтал трассасында жолаушылар тиеген автобустың бұзылып қалғаны туралы ақпарат түсті. Тоңып қалған адамдарға көмек көрсетуге ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы шықты. Барлық жолаушыны дәрігерлер тексерді, 10 адам «Айғаным» дәмханасына эвакуацияланды, - дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Қазақстанда авариялық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті (ТМСК) қызмет көрсетеді.

 

Барлық жаңалықтар