00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада «Жас сарбаз» балалар студиясы есептік концертін қойды

31.03.2023 | 21:11
Елорда ақпарат
32

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен «Белеске жету жолында» атты шығармашылық кешке әртүрлі жастағы екі жүзге жуық бала қатысып, өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Балалар үшін есептік концерт беру – маңызды оқиға. Педагогтар жұмысының нәтижесін бағалап, студия тәрбиеленушілерінің жетістігіне тамашалауға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер, балалардың туыстары мен жақындары көптеп жиналды.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов жас дарындарды қолдаудағы еңбегі үшін педагогтар мен Қорғаныс министрлігінің басшылығына алғысын білдірді.

«Жас сарбаз» балалар студиясы бес жыл бойы көрерменді талантты ұл-қыздарымен, олардың ынта-жігерімен және еліміздің жарқын болашағына деген сенімімен қуантып келеді. Студия жұмысына ықыласпен келіп, балалардың талантын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін секция жетекшілеріне ризашылығымды білдіремін, – деді Арман Асенов.

Балалар студиясында оқыту хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра бойынша төрт бағытта жүргізіледі. Есепті концертте көрерменге үздік нөмірлер ұсынылды.

Студиямызда барлық күштік құрылымдардағы әскери қызметшілердің балалары айналысады. Олармен кәсіби мұғалімдер жұмыс істейді. Ән айтуды, би билеуді, сахнада өзін-өзі ұстауды, домбыра тартуды үйретеді. Концертте балалар өз өнерлерін толық көрсете алды, – деп атап өтті «Жас сарбаз» балалар студиясының жетекшісі 3-сынып сержант Альмира Асылбекова.

Іс-шара соңында балалар студиясының қызметіне белсенді араласқан педагогтарды, балалар мен ата-аналарды марапаттау рәсімі өтті.

Студияда сабақтар балалар мен жасөспірімдердің жеке қасиеттері мен таланттарын дамытып қана қоймай, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, туған елдің тарихына, дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Барлық жаңалықтар