00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстанда өлім деңгейі 26%-ға төмендеген

31.03.2023 | 21:07
Елорда ақпарат
33

Биылғы 9 айда елімізде көз жұмғандар саны 101 700-ге жеткен. Дегенмен бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info.

Ranking.kz мәліметінше 2021 жылдың дәл осы кезеңінде Қазақстанда 137 600 адам көз жұмған. 

Аймақтар бойынша ең көп өлім Алматы қаласында тіркелді – 9 300 адам, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 35,1%-ға аз. Қарағанды облысында – 8 800 адам, Түркістанда – 7 400 адам. Ең аз дерек жаңадан құрылған Ұлытау облысында – 1 500 адам, – делінген ақпаратта. 

Агенттік дерегіне сәйкес, биыл еліміздің барлық аймағында өлім деңгейі айтарлықтай төмендеген. Солтүстік Қазақстан облысында 18,7%-ға азайса, Шығыс Қазақстан облысында 52,5%-ға азайды. 

Қазақстандықтардың көпшілігі қан айналымы жүйесінің ауруынан көз жұмған (22 700 адам). Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 30,2%-ға төмен. Онкологиялық дерттен 10 200 адам, тыныс алу ағзалары ауруынан 9 800 адам, улану немесе жарақаттан 8 500 адам, ас қорыту жүйесі ауруларынан 8 100 адам қайтыс болған. 

Барлық жаңалықтар