00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде әуе қызметтерінің бағасы артты

31.03.2023 | 20:48
Елорда ақпарат
32

Қазан айының қорытындысы бойынша елімізде әуе қызметтерінің бағасы бір жылда 16,4%-ға артқан, деп хабарлады Elorda.info Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағаның ең көп жылдық өсімі Батыс Қазақстан облысында (51,3 пайыз) тіркелген. Одан кейін Шымкент қаласы (жылына 45 пайыз) мен Ақтөбе облысы ( 37,1 пайыз) тұр.

Еліміздің 20 өңірінің төртеуінде өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда баға төмендеген. Ұлытау облысында 22 пайызға, Алматыда — 13,4, Қарағандыда — 11 пайызға, Қызылордада 4,1 пайызға төмендеген.

Енді жолаушылар ұшақ 5 сағатқа (10 сағат емес) кешіктірілсе, билеттің толық құнын қайтара алады.

Өтемақы әуе кемесінің кешігуінің әрбір сағаты үшін билет құнының 3 пайызын құрайды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі рейстердің кешігуінің артуына байланысты талапты күшейтуді жоспарлап отыр. Мәселен, өткен жазда кешіктірілген рейстер саны — 63.

Биылғы қаңтар, қазан айларында әуе көлігімен 9 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15,8 пайызға артық. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді, яғни — 6,1 миллион адам. Одан кейін Шымкент (2,4 млн адам) пен Астана (467,1 мың адам) тұр.

Барлық жаңалықтар