00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қай аймақтың дәрігерлері ең жоғары жалақы алады

31.03.2023 | 20:47
Елорда ақпарат
37

Бір жыл ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау саласына тартылған инвестицияның жартысына жуығы Астана қаласы мен Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау саласында негізгі капиталға бөлінген инвестицияның көлемі қаңтар-қазан аралығында 168,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы кезеңнен 18,1%-ға артық.

Өңірлер арасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге бөлінген инвестицияның ең көп бөлігі Астанаға (51,1 млрд теңге) тиесілі. Сондай-ақ Жамбыл (15,6 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (15,3 млрд теңге) областарына жұмсалған ақшаның көлемі айтарлықтай жоғары. Аталған салаларға ең аз қаражат бөлінген өңірлер: Атырау (447,6 млн теңге) және Ұлытау (496,6 млн теңге) облыстары.

Әлеуметтік қызметтер мен денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражаттың ішінде жергілікті бюджеттер мен жеке қаражаттың үлесі тиісінше 53,7 млрд теңге және 53,4 млрд теңгеге артқан . Ал республикалық бюджеттен бөлінген сома – 35,1 млрд теңге.

Осы салалардағы номиналды жалақы көлемі биыл 245,2 мың теңгені құрады. Бұл орташа республикалық еңбекақыдан18,2%-ға аз (299,8 мың теңге).

Өңірлер арасында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы мамандарының ең жоғары номиналды айлығы Астанада тіркелген – 313,7 мың теңге. Бұл саладағы орташа республикалық айлық мөлшерінен 27,9% жоғары. Ең төменгі айлық Шымкентте – 212,7 мың теңге.

Барлық жаңалықтар