00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Биыл 18 адам бизнеске рейдерлік жасағаны үшін жауапқа тартылды

31.03.2023 | 20:41
Айман Нығмет
15

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов ел кәсіпкерлерінен қандай арыз-шағым жиі түсетінін айтып берді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Статистика көрсеткендей, омбудсмен институтының жұмыс істеген жылдары бізге 33 мыңнан астам шағым келіп түскен. Ең алғашқы 2016 жылы 7200 шағым түссе, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4182 шағымға дейін төмендеу байқалды. Ал биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша менің кеңсеме 3920 шағым түсті. Кәсіпкерлер негізінен жер мәселелеріне, ауыл шаруашылығы, салық және құқық қорғау органдарына шағымданады, - деді Рустам Жүрсінов Jibek Joly телеарнасындағы сұхбатында.

Спикердің айтуынша, соңғы уақытта көптеген шағымдар құқық қорғау органдары бойынша келіп жатыр.

Өздеріңізге белгілі, өткен жылы заңға қол қойылып, рейдерлік жауапкершілік күшейтілді және Қылмыстық кодекстің 365-бабы «Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау» деп аталады. Статистикаға жүгінсек, алдыңғы 4 жылда бұл баптар бойынша нөлдік статистика болған, яғни ешкім жауапқа тартылмаған. Бас прокуратураның мәліметінше, биылғы 11 айда рейдерлік бабы бойынша 18 адам жауапқа тартылған, - деді Р. Жүрсінов.

Сонымен бірге, уәкіл Президент тапсырмасымен ел өңірлерін аралап, 17 аймақтағы кәсіпкерлермен кездескен.

Жағдай бірқалыпты, айтарлықтай дабыл қағатын ештеңе жоқ. Өңірлерде шамамен 20-25 адам қабылдауға жазылады. Әр аймақтың өз ерекшелігі бар, дегенмен көпшілігін жер мәселесі өте қатты алаңдатып отыр. Қала құрылысы, субсидиялау мәселелері де өзекті, - дейді Р. Жүрсінов.

Барлық жаңалықтар