00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әйелдердің пилинг жасап ақша табуына бола ма – имам пікірі

31.03.2023 | 20:35
Елорда ақпарат
32

Имам Нұрлан Байжігітұлы денеге пилинг жасап пайда табуға болмайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info stan.kz сайтына сілтеме жасап.

TikTok әлеуметтік желісінде имамның пилинг жасайтын қыз-келіншектерге айтқан кеңесі тарады. Онда оқырман әйелдің бірі пилинг жасап ақша табатынын, оны күйеуінің де білетінін айтады. Ал имам "қарындасым, басыңа қиыншылық келмей тұрғанда қойыңыз" деп кеңес береді.

Еркек болсын, әйел болсын, денесін ысқылап, пилинг жасап, еркектердің делебесін қоздырып, солай тапқан ақшаңыз жақсылық болмайды. Басқа жұмысқа ауысыңыз. Бала-шағаңыз өсіп қалды. Бәленбай еркектің денесін ұстап, жалаңаштандырып алдыңа жатқызып қойып, солардың үстіндегі сасып кеткен кірін езуге Құдайдан қорқыңыз, — дейді имам.

Тіпті имам сондай жұмысқа әйелін жіберіп отырған күйеудің өзі "дұрыс емес" екенін айтады.

Күйеуің арлы, намысты болса, сені ондайға жібермейді. Ол өзі барып есектің артын жуғаны жақсы. Саған еркектердің денесінің кірін ездіргенше, — дейді имам.

Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Тіпті біреулері пилингтің не екенін білмейтінін айтса, енді бірі имамның айтқанымен келісіп отыр.

Барлық жаңалықтар