00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елорда полицейлері люк қақпақтарын ұрлаған үш жігітті ұстады (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:33
Елорда ақпарат
31

Елорда полицейлері люк қақпақтарын ұрлаған үшеуді ұстады, деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz сайтының жазуынша, тұрғындар, ПИК, МИБ және учаскелік полицейлер арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында тұрғындардың бірлескен чаттары жұмыс істейді. Онда профилактикалық ақпарат орналастырылады, құқықтық тәртіпті бұзу, қала тұрғындарының проблемалық мәселелері қаралады.

Ұлы Дала даңғылындағы көппәтерлі үйдің тұрғындарының чатына түнгі сағат 00.30 шамасында ақпарат келіп түскен. Онда үш белгісіз ер адам сұр түсті Lada 21099 көлігімен келіп, үйдің бойында орналасқан үш су ағатын люктің металл қақпақтарын ұрлап, содан кейін Нәжімеденов көшесіне қарай жүріп кеткені туралы айтылады. Белсенді азаматтық позицияны ұстанған тұрғын оқиғаны видеоға түсіріп, WhatsApp чатқа салған.

Барлық жаңалықтар