00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Белгілі блогер Бозжыра шатқалын арқан арқылы 200 метр биіктікте жүріп өтті (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:29
Елорда ақпарат
19

Таяуда Маңғыстау облысына эстондық танымал слэклайнер-спортшы Яан Роузе барып, Бозжыра шатқалы туралы видеоролик түсірді. Видеода Яан Бозжыраның қос «азуы» арасында тартылған арқан жолмен 200 метр биіктікте жарты шақырым қашықтықты жүріп өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Видео қазірдің өзінде үш жүз мыңнан аса қаралым жинады. 

Оқи отырыңыз: «Абсолютно түсініксіз»: Мәжіліс депутаты министрді сынап тастады

«Әкімдіктен ұсыныс түсті»: Павлодарда инеліктің мүсіні орнатылды

Алдымен Бозжыраны суреттерден көріп, таң қалдым. Ал осында келгенде оның көркем сұлулығын тамашалап, тіпті тілім байланып қалды. Мұнда бағзы заманда мұхиттың болуы қиялды шалқытады. Шынын айтқанда, бұл – ең қиын әрі әдемі жобаларымның бірі. Мен Қазақстанға бірінші рет келдім, маған жергілікті халық ерекше ұнады, - деп алған әсерімен бөлісті Яан Роуз.

Яан – кәсіби каскадер, көптеген рекордтың иегері және әлемдегі ең ерекше шатқал-шыңдарды бағындырушы.

Айта кету керек, түсірілім тобы, сақтандыру жүйелерін бекіту жөніндегі мамандар мен спортшы роликті түсіру үшін Бозжырада бес күн тұрды.

Барлық жаңалықтар