00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы әсерлі ВИДЕО жұртты жылатты

31.03.2023 | 20:25
Елорда ақпарат
39

Төтенше жағдайлар министрлігінің астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған әсерлі видеосы жұртты жылатты, деп жазады Elorda.info.

Асқар Забикулин 20 қарашада елордадағы ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті. 16 қарашада өрт болған астаналық «Қаһарман» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құтқарып, денесінің 80 пайызын күйік шалған еді.

Оқи отырыңыз: «Астана көшесіне есімі беріледі»: Президент Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты

Өртеніп жатқан пәтерге терезе арқылы кіру үшін ол жауынгерлік киімін шешіп, тек камуфляжбен және бетпердемен жанып жатқан бөлмелерді аралап өткен. Ішінен әжесі мен немересін тауып алып, өрттен алып шыққан. Содан кейін көрші пәтерден он жасар баланы құтқарып қалған.

Барлық жаңалықтар