00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Жалаңаш суреттеріңді желіге жариялаймын»: Ер адам таныс қызын бопсалаған

31.03.2023 | 20:17
Елорда ақпарат
48

Қызылордада қызды жалаңаш суреттерін жариялаймын деп бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға 29 жастағы бойжеткен досының әлеуметтік желілерде интимдік сипаттағы фотосуреттерін жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткенін хабарлаған.

Осы факті бойынша Қызылорда қалалық ПІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде облыстың 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бопсалау).

Қазіргі күні күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Барлық жаңалықтар