00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерінің арасында әскери-патриоттық жиын өтіп жатыр (ФОТО)

31.03.2023 | 20:10
Елорда ақпарат
33

Елорда төрінде «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерінің арасында үш күндік әскери-патриоттық жиын өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жиынның басты мақсаты – Астана қаласының «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері арасында үздіктерін анықтап, республикалық «Айбын» әскери-патриоттық дала жиынына іріктеу.

Іс-шара Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен, 15-17 қараша аралығында Десанттық шабуыл ротасының төңірегінде өтуде.

Бүгін – 15 қарашада жиының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы, авиация генерал-майоры Алсай Джуманов және Қорғаныс министрлігі өкілдері қатысып, жастардың рухын көтеріп, жарыста сәттілік тіледі.

Үш күнге созылатын жиын қатысушылардың өз физикалық дайындығын тексеруіне мүмкіндік береді. Алғашқы күннен бастап АК-74 автоматын уақытқа толық емес шашып, жинап сайысып бастаған командалар сайысты интеллектуалды ойымен аяқтайды. Бұдан өзге, арқан тартыс, білтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, кедергілер алаңы, әскери эстафетадан сайыстар өтеді.

Іс-шара жоғары деңгеде ұйымдастырылуда. Қатысушы «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері өте риза. Себебі өз мектебінде достарымен ғана жарысып жүрген балалар мында келіп басқа мектеп оқушыларымен сынға түсіп көрсеткіштерін жақсарта түсуде. Жас Сарбаз қозғалысы қарқынды даму үстінде. Бұдан былай да осындай сапалы шаралар көптеп болса деген тілектеміз. Енді сайыс болғаннан кейін біреу жеңіске жетеді, ал біреу жеңіліс табады. Қорытындысын асыға күтудеміз, - деді әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұстазы Сейлхан Уисинбеков.

«Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушісі Адия Жумакан сайыстар ұнағанын айтты. 

Жиын маған өзінің тосын сыйға толы сайыстарымен қатты ұнап жатыр, әсіресе, кедергілер алаңынан өткенде, өзіме сымтемір астынан жорғалап өту қызық болды. Жақсы нәтиже көрсете алдым деп ойлаймын, – деді ол.

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек мұнда «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері бір-бірімен сынға түсіп қоймай, жаңа достар табатынын, өзара тәжірибе алмасатынын атап өтті.  

Кіл мықтыларды анықтайтын бұл жиын екі жыл қатарынан елдегі жағдайларға байланысты онлайн түрде өткен болатын. Биыл дәстүрлі форматта балалардың басын қосып, осы десанттық шабуыл базасында өткізу бұйырыпты. «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері бұл жерде тек бір-бірімен сынға түсіп қана қоймай, жаңа достар тауып, тәжірибе алмасуда. Сайыс жоғары деңгейде өтіп және тәрбиеленушілерге ұнайды деген ойдамыз, – деді ол.

Барлық жаңалықтар