00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қанша қазақстандықтың Ресей азаматымен некеге тұрғаны белгілі болды

31.03.2023 | 20:09
Елорда ақпарат
32

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті қазақстандықтардың Ресей азаматтарымен қанша неке қиғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылды, - делінген хабарламада.

Бұл деректер былтырғыдан айтарлықтай ерекшеленбейтіні хабарланды. 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында қазақстандықтар ресейліктермен 494 неке қиған.

Осы кезеңде ең көп неке Алматы - 94 (2021 жыл - 75), Астана - 51 (2021 жыл - 46) және Қарағанды облысында - 45 (2021 жыл - 49) қиылған.

Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде 26-29 жас, әйелдерде 23-28 жас.

Талдау көрсеткендей, соңғы жылы Қазақстан мен Ресей азаматтары арасында тіркелген некелер санының 14 пайызға төмендеуі байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 10 айында 2153 неке, 2022 жылдың 10 айында 1851 неке қиылды, – деп толықтырды ведомствода.

Барлық жаңалықтар