00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Олар мені де өлтіретін еді...»: Болатбек Нәсенов «Сары Алмаз» жайлы шындықты айтты (ВИДЕО)

31.03.2023 | 19:47
Елорда ақпарат
42

Атышулы «Рыжий Алмаздың» әкесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Нәсенов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасына берген сұхбатында өзін әлдекімдер бірнеше рет өлтірмек болғанын айтты, деп жазады Elorda.info

Өзімді 2-3 рет өлтіре жаздады. Аэропортта отырғанымда татар келіншек келіп бір зат ұсынды. «Алмаймын» дегеніме қарамай, қасыма бірнеше рет келіп қоймады. Содан мен күмәнданып, айналамда отырған жігіттерден «Мына бір пәле көздеп тұрған адам. Қолындағысын алып көріңдерші. Мүмкін есірткі шығар» деп жатқаным сол еді қашып кетті. Содан ұшаққа отырдық. Аэропортқа жеткенімде КГБ-ның адамдары мені күтіп жүргенін естідім. Демек, маған сол кезде жала жауып, соттатқысы келген. Ал екінші жағдай осыдан 3 жыл бұрын болды. Ауруханада кардиология бөлімінде емделіп жатыр едім. Бір күні аяқасты төрт дәрігер кіріп келіп, «сізге шұғыл түрде ота жасалуы керек» дейді. Мен кімнің агенті екенін сұрап едім, мойындамады. «Сонда маған ота жасалу керектігін қайдан біліп алдыңдар? Ешқандай анализ тапсырған жоқ едім» деп күмәндандым да қуып жібердім. Егер мен ота жасауға көнсем, олар мені өлтіретін еді. Осы сияқты жағдайлар толып жатыр... – деді Болатбек Нәсенов.

Сондай-ақ ол ұлы Несіпбай – «Сары Алмаздың» қалай өлгендігі туралы айтты. Әлдекімдер Болатбек Нәсеновтің ұялы телефонына «Таңғы 5-те бір топ адам келіп, күзетте отырған 2 адамды байлап тастап, Несіпбайды ұйықтап жатқан жерінен басына салафан кигізіп, тұншықтырып, бір рет басынан оқ атып өлтірді» деген мазмұнда хат жазып жіберген екен. 

Барлық жаңалықтар