00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың Instagram желісіндегі аккаунты жалған

31.03.2023 | 19:46
Елорда ақпарат
37

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Instagram әлеуметтік желісінде өзінің аккаунтын ашқаны туралы ақпарат таратылуда. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы бұл аккаунт жалған және Жигули Дайрабаевқа тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Кандидат ешқашан Instagram желісінде аккаунт ашқан емес.

«Ауыл» партиясы партия және оның президенттікке кандидаты Жигули Дайрабаев туралы жалған ақпарат тарату мүмкіндігі туралы ескертеді. Бұл сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде кандидаттың қызметіне халықтың баса назар аударуына байланысты.

Жигули Дайрабаевтың жеке өзі жүргізетін Facebook әлеуметтік желісінде ғана аккаунты бар екенін ресми түрде хабарлады.

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді желідегі жалған ақпаратқа сенбеуге және арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Жигули Молдақалықұлының Instagram желісінде аккаунты жоқ. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден оқыңыз. Партия азаматтарды партияның және кандидаттың барлық қызметі туралы жедел түрде әрі ашық хабардар етеді, – деп атап өтті кандидаттың республикалық қоғамдық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков.

Сайлау науқанына қатысты барлық ақпарат «Ауыл» ХДПП сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.

Барлық жаңалықтар