00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттады - статистика

31.03.2023 | 19:20
Айман Нығмет
19

Елімізде жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 20,1% қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: Астана базарларында макарон өнімдері 90 теңгеге қымбаттады

Елордада жыл басынан бері нан бағасына 40 теңге қосылған

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар өткен аптада – 0,2%, ай басынан – 0,5%, жыл басынан 20,1% өсті. Жылдық мәнде 19,6% қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайыздық тармаққа жоғары, - делінген мәліметте.

Статистика дерегіне сүйенсек, өткен аптада арзандады:

- пияз – 2,6%;

- сәбіз – 1,7%;

- картоп – 0,9%

Өткен аптада қымбаттады:

- жұмыртқа, І категория – 1,9%

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша):

- қарақұмық – 524 тг/кг;

- картоп – 152 тг/кг;

- айран, 2,5% – 345 тг/л

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

 

Барлық жаңалықтар