00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 8,9%-ға өсті

31.03.2023 | 19:15
Айман Нығмет
35

Қазақстанда 2022 жылдың 9 айында 10,2 мыңға жуық апат орын алды, соның салдарынан 15 мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлады Elorda.info Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке сілтеме жасап7

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі 8,9%-ды құрады.

Жол апаттарының нәтижесінде 1,7 мың адам қаза тапты (21 %-ға өсті), оның ішінде 181-і кәмелетке толмаған балалар, 457-і әйелдер және 1 258-і ер адамдар. Зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 19,9%-ды (3 007) құрайды және олар негізінен автокөлік құралдарының соқтығысуынан зардап шекті.

Жалпы 542 қоғамдық көліктің қатысуымен 532 ЖКО орын алды, онда 70 адам қаза тапты және 783 адам жараланды (өткен жылы 446 бірліктің қатысуымен – 436 ЖКО, онда 61 адам қаза тапты және 590 адам жараланды).

Жол апаттарының басым бөлігі немесе 7 471 (6 375) елді мекендерде жасалған, 1 918 (1 702) халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 869 (870) облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Жол оқиғаларының көпшілігі құрғақ жолда – 7 864, дымқыл – 674, қарлы – 309, мұзды – 115 жолда жасалған.

Бұрынғыдай апаттардың ең көп саны Алматы қаласының жолдарында орын алады – 2 620 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, онда 327 адам қайтыс болды. Елордада 495 ЖКО тіркелді.​Апаттардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында - 221 және Шымкент қаласы - 217 тіркелген.

Барлық жаңалықтар