00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Шағын бизнесті тексеруге тыйым салатын мораторий уақыты ұзарады

31.03.2023 | 19:09
Елорда ақпарат
36

Шағын бизнесті тексеруге тыйым салатын мораторий уақыты 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі осындай ұсыныс көрсетілген құжатты ашық талқыға шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын. Оған кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер жатпайды,- деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бизнесті қолдау мақсатында 2019 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен шағын және орта бизнеске тексеріс жүргізуге мораторий жарияланған болатын.

Тексеріске шектеу қоятын жарлық уақыты 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталады.

Барлық жаңалықтар