00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жаңаөзенде із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен табылды

31.03.2023 | 17:58
ҒаниАтымтай
26

Жаңаөзенде үш күн бұрын жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды, деп хабарлады Elorda.info. 

Экспресс К сайтының жазуынша, 7 қазаннан бері хабар-ошарсыз жоғалған Әйгерім Ыланбаева үйіне оралған. Бұл туралы оның нағашы әпкесі айтты.

Үш күн бұрын хабарсыз кеткен сіңліміз аман-есен табылды. Үш күн бойы Жаңаөзеннің 2 ықшамауданындағы үйлердің бірінде болыпты. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршаған. Сондықтан осындай қадамға барыпты, -  деді Айдана Нұрадинова.

Оқи отырыңыз: Хат жазып қалдырған: Жаңаөзенде 22 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Үш күн бұрын із-түзсіз жоғалған Әйгерім Ыланбаеваны полиция іздестірді. Кейін жақындары оның соңғы кездері отбасында қиындықтарға тап болғанын айтқан.

Әйгерім Ыланбаева бұрын балабақшада жұмыс істеген. 22 жастағы бойжеткен әкесі мен інісі түнгі ауысымдағы жұмысына кеткенде хат жазып қалдырып, кейін белгісіз жаққа кетіп қалған.

Барлық жаңалықтар